Торайғыр ауыл кітапханасында қазақ әдебиетінің бір тармағында өзіндік үні, өз қолтаңбасы бар қаламгер, тағдырын қаламмен өрнеген, сөзге адал, шындыққа берік жазушы Мағзұм Сүндетовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ізгілікті қаламына серік еткен» атты тұрақты оқырмандардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы, еңбектері туралы айтылды. Шығармалары – уақытпен бірге ескірмейтін, оқырманмен бірге өмір сүретін мұра.