«Қазақ поэзиясының хантәңіріне 95 жыл» атты әдеби‐сазды кеш

Жаңатілек ауыл кітапханасы Қазақ поэзиясының асқар шыңы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай Б.Хайдаров мектебімен бірге «Қазақ поэзиясының хантәңіріне 95 жыл» атты әдеби‐сазды кеш ұйымдастырылды. Ақынның әндері мен өлеңдері оқылып, көрермен жүрегіне рухани әсер сыйлады. Мұқағали жырлары – сезім мен шындықтың үні, адам жанын тазартатын асыл мұра екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік.
Кештің мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, поэзиясы мен әнге айналған жырларын, рухани талғамын таныту арқылы поэияға, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.