«Адал еңбекпен адал жол» атты танымдық іс‐шара

Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде Ш.Шөкин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 4 «а» және 4 «ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Заң және тәртіп» жобасы аясында «Адал еңбекпен адал жол» атты танымдық іс‐шара өтті.

Іс‐шара барысында оқушылар тақырыпқа сай мультфильмдер көріп, адал еңбек, дұрыс жолмен өмір сүру, алаяқтардан сақ болу туралы өз ойларымен бөлісті.

🧩 Сонымен қатар балалар қызықты мозаика ойындары арқылы «Заң», «Тәртіп», «Адалдық» ұғымдарының маңызын түсініп, берілген тапсырмаларды белсенді орындады.

Ой бөлісу барысында оқушылар адал еңбектің адам өміріндегі орны, заң мен тәртіптің қоғам үшін маңызы туралы пікірлерін айтты.

Іс‐шараның басты түйіні: Заң мен тәртіп – тұрақтылығымыздың негізі!