Ақсан ауыл кітапханасы және Жалғызқайын ауыл кітапханасымен бірлесе Ақын, суырып салма ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына – 180 жыл толуына орай «Жамбыл жырдың қайнары» атты әдеби кеш өткізілді.
Мақсаты: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныту. Оқырмандардың поэзияға, ұлттық рухани мұраға қызығушылықтарын арттыру, жастарды елін, жерін сүюге, сөз қадірін түсіну.
Жамбыл Жабаев 1846 жылы Жамбыл тауының баурайында дүниеге келген. Ж.Жабаев – айтыс өнерінің майталманы, суырып салма ақын, елдің мұңын жырлаған дала данасы.
Аталмыш шара барысында «Жамбыл халық ақыны» атты презентация көрсетілді. Сондай‐ақ, өлеңдері оқылып, әдеби сұрақ‐жауап және «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.