«Қазақ жырының қайнары» атты поэзия кеш

Ақсан ауыл кітапханасында Ақын, жазушы, аудармашы Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 95 жыл толуына орай «Қазақ жырының қайнары» атты поэзия кеш өткізілді.

Мақсаты: Поэзияның пайғамбарына айналған алып тұлғалы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың мұрасымен, маржан поэзиясы мен тілдесу. Шығармаларының мазмұнының өзектілігін көрсету. Ақын өлеңінің идеясын, мақсатын түсіндіру.

Аталмыш шара барысында Мұқағали Мақатаев лирик ақын екені. Мұқағали Мақатаев шығармалары махаббатқа, сүйіспеншілікке толы өлеңдері Отанға, туған жеріне, өмірге, әкесімен анасына, жарына, балаларына, құрдастарына арналып осылайша тізбектеліп кете беретіні жайында айтылды. Тау биіктігімен, теңіз терендігімен, дала кеңдігімен көрікті десек, Мұқағали Мақатаев жанға жақын жырлар мен сүйікті, өлеңдерімен көрікті екені туралы кеңінен насихатталды. М.Мақатаевтың «Үш бақытым», «Қарасаз», т.б. өлеңдері оқылды.

Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы таусылмайтын қайнар бұлақ. Ол поэзияның – Хантәңірі. Ол – сыршыл ақын. Ол қара өлеңнің шебері. Ол – драматург, ұстаз, сатирик. Ол – жазушы. Ол – журналист.