«Жыр алыбы – Жамбыл» атты тағылымды іс-шара

Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен аудандық ауруханада қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты тағылымды іс-шара өткізілді.
Кеш барысында ақынның өмірі мен өнегелі жырлары таныстырылып, өлеңдері оқылды. Қатысушылар рухани әсер алып, ақын мұрасынан тағылым алды.