«Ана өмір шырағы» атты музыкалық кеш

Мұса Шорман ауыл кітапханасы 8 Наурыз – Халықаралық аналар күніне орай, Мұса Шорман ауылдық клубы мен Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп оқушыларының қатысуымен «Ана өмір шырағы» атты музыкалық кеш өткізді.
Кеште аналарға арналып әндер айтылып, өлең жолдары оқылды. Ана мен бала арасындағы қарым‐қатынас жайында көріністер қойылып, кеш көрермендері, аналарымыздың көңілінен шықты.