8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Әйел қай дәуірде де мейрімінің, сұлулықтың символы болған. Нәзік болмысты ана шаңырағының шырайын кіргізіп, берекесін ұйымдастырушы, ұрпақтың тәрбиесі мен болашағын қалыптастырушы деп саналған.
Көктемнің алғашқы мерекесіне орай ауданымыздың көп балалы аналарына арналған Қ.Исабаев атындағы аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік шара өткізілді.
Шара барысында Есмақаев Мәди мен Адамов Жандос аналарға арналған әндерін тарту етті. Сонымен қатар тұрақты оқырманымыз Алмабекұлы Нұрсылтан «Анаға сәлем»,
кітапхана әдіскері Әбілеш Жүсіпбек М.Мақатаевтың «Ана» атты өлең шумақтарын оқыды. Шарамыздың қонақтары мен қатысушылары барша
аналарға ізгі ниеттерін білдіріп құттықтады.