Торайғыр ауыл кітапханасында көрісу күні амал мерекесіне орай «Көрісу – ізет пен ілтипат» атты ауыл тұрғындары мен мәдениет ұжымының бірлесе ұйымдастыруымен әдеби кеш өткізілді.
Оқырмандарға қазағымыздың салт‐дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу. 14 Наурыз – Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман‐есен шыққанына қуанып, бір‐бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындап қойған дастарханын жаяды.