«Сөздің күші – жүректің үні» атты тәжірибе алмасу тәсілімен әдеби композиция

Торайғыр ауыл кітапханасынын ұйымдастыруымен «Жаңғыру жолындағы кітапхана: Дәстүр мен инновация» жобасы аясында қазақ өнерінің көрнекті өкілі, актер, режиссер Кәукен Кенжетаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Сөздің күші – жүректің үні» атты тәжірибе алмасу тәсілімен әдеби композиция өткізілді.

Ауыл кітапханашылары мен оқырмандардың қатысуымен өткен әдеби композицияның мақсаты: Қазақ әдебиетінің дара тұлғаларының бірі, ұлағатты қаламгер, дарынды сөз шеберінің еңбектерін және де қазақ әдебиетінің бай мұрасын ұрпаққа насихаттау.

Шара барысында «Кәукен Кенжетаев – өнер қайраткері» атты инсталляция көрмесі безендіріліп, ауыл әкімі Мұхтар Молшинға алғашқы сөз берілді. Сондай‐ақ, 9 сынып оқушысы Ғайбиран Бағлан арнауын оқыды. Оқырмандар әдеби марафонда Кәукен Кенжетаевтың өлеңдерін жатқа оқып, «Кәукен Кенжетаев – сахна сәні» атты өмірі мен шығармашылығына шолу баяндамасы оқылды. Ал Ш.Айманов атындағы ЖОББ гимназия мектеп‐интернатының тарих пәннің мұғалімі Рахымтаев Ержан Бақтыбайұлы Қазақ киносындағы Кәукен Кенжетаевтың бейнесі мен кино саласындағы еңбек жолы туралы айтып өтті.

Үйірме мүшелерінің қатысуымен «Қыз жібек» фильмінен үзінді, Кәукен Кенжетаев сомдаған Базарбай бейнесінен қойылым ойнатылып, Кәукен ағаның тәлімімен өнерде жүрген шәкірттерінің естелігі туралы бейнеролик көрсетілді.

Мәдени шараның соңы мың бұралған бишілердің өнерімен, шырқалған әндермен аяқталып, қатысушыларға марапаттаулар табысталды.

Кәукен Кенжетаев – өз шығармашылығымен ұрпақ санасын тәрбиелеп, халқымыздың рухани қазынасын байытқан тұлға