Егіндібұлақ ауыл кітапханасы «Наурызнама» онкүндігі аясында «Балбұлақ» шағын орталығында салт‐дәстүр күніне орай «Бұрымды қыз – ұлттық сұлулықтың символы» атты дәстүр сағаты өткізілді.
Қазақ қызының бұрымы – өткеннен жеткен аманат, ұлттық сұлулықтың символы. Бұрымды қыз тазалықтың, ибалықтың, тәрбиеліктің көрінісі. Қазақ қыздарының бойында намысты, өжет батыр аналарымыздың рухы қалыптасқан. Инабатты қазақ қызы – елдің айнасы.
Іс‐шараның мақсаты: Ұлттық салт‐дәстүрімізді, әдеп‐ғұрыпымызды сақтап, құрметтеуге баулу.