«Қош келдің – әз‐Наурыз» атты мерекелік кеш

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Егіндібұлақ ауылында, ауыл тұрғындарының қатысуымен «Қош келдің – әз‐Наурыз» атты мерекелік кеш өтті.
Бұл ақ түйенің қарны жарылған күн. Күн мен түн теңеліп елімізде береке мен бірлік туған баққытты күн. Қыдыр атамен бірге, әр шаңыраққа құт береке енген күн деседі. Бұл іс‐шарада ауыл өнерпаздарының әндері шырқалып, би билеп және де ұмыт болып бара жатқан салт‐дәстүрлерімізден көріністер көрсетілді. Ұлттық тағам наурыз көженің дайындалу жолдары көрсетіліп, қонақтарға ұсынылды. Шара соңы ұлттық спорттық ойындарымен жалғасын тапты.