Балалар кітап апталығының 2-күні
Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінде «Ертегі еліне саяхат» атты театрландырылған ертегі сағаты өтті.
Шараның басында балаларға 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні туралы мәлімет беріліп, кітапханадағы ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды.
Шараға Ш.Шөкин атындағы ЖОББМ‐нің 4-сынып оқушылары қатысып, белсенділік танытты. Іс‐шара барысында оқушылар екі топқа бөлініп, қазақтың «Бауырсақ» ертегісін сахналық қойылым түрінде ұсынды. Балалар өз рөлдерін шебер орындап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Шара соңында оқушылар өздеріне ұнаған кітаптарын таңдап, оқуға алды.