«Ғарышқа жол ашқан қазақ батыры» атты танымдық шара

Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Ғарышқа жол ашқан қазақ батыры» атты танымдық шара өтті.

Бұл шара қазақтың тұңғыш ғарышкері, ел мақтанышы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың 80 жылдық мерейтойына арналды. 🌟

📚 Шара барысында Ш.Шөкин атындағы ЖОББ мектебінің 3 «А» сынып оқушылары қатысты:
🔹 Ғарыш әлемі туралы қызықты мәліметтермен танысты;
🔹 Батыр ғарышкердің өмір жолымен танысты;
🔹 Өлең оқып, өнерлерін көрсетті;
🔹 «Мозайка құрастыр» ойынына белсене қатысты.

📖 Сонымен қатар, «Тоқтар Әубәкіров – ел мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға ғарыш тақырыбындағы кітаптар мен көрнекіліктер таныстырылды.