Қаражар ауыл кітапханасында күйші‐композитор, Казақстанның халық әртісі Дина Нүрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай «Ұлы дала күйшісі – Дина» атты еске алу кеші өткізілді.
Мақсаты: Дина Нүрпейісованың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, күйлері туралы мағлұмат беру. Күй тыңдау арқылы оқырмандардың ой‐өрісі мен эстетикалық талғамын ояту.