Қ.Сәтбаев ауыл кітапханасында ауылға есімі берілген қазақ геологиясының негізін қалаушы, ұлы ғалымның құрметіне арналған «Қазына картасы: Сәтбаев ашқан кен орындары» атты квест‐экспедициялық ойыны өткізілді.
Шадыра мектебінің 5-7 сынып оқушылары және мектеп кітапханашысының қатысуымен жүргізілген ойын барысында, қатысушылар өздерін жас геолог ретінде сезініп, арнайы қазына картасы арқылы түрлі бекеттерден өтті. Әр кезеңде логикалық тапсырмалар, сұрақ‐жауаптар ұйымдастырылды.
Қатысушылар Жезқазған, Қарағанды, Екібастұз секілді кен орындары туралы мағлұмат алып, тапсырмаларды белсенді орындады.
Ойын соңында барлық топтар карта бөліктерін жинақтап, «қазынаға» қол жеткізді. Іс‐шара қызықты да тартымды өтіп, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырды.