«Махаббатсыз дүние бос» атты кездесу кеші

Қ.Сәтбаев ауылдық кітапханада 15 сәуір – Ғашықтар күніне орай «Махаббатсыз дүние бос» атты «Кешкі кітапхана» форматында жастармен және жас келіндермен кездесу кеші ұйымдастырылды.

Кеш барысында Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы махаббат тақырыбы кеңінен айтылды. Әсіресе «Махаббатсыз дүние бос» өлеңінің мазмұны түсіндіріліп, махаббаттың адам өміріндегі орны мен маңызы ашып көрсетілді. Қатысушылар бұл ойды өз пікірлерімен толықтырып, еркін түрде ой бөлісті.