«Қабдеш Жұмаділов – тарихи романның хас шебері» атты әдеби кеші

Ағымдағы жылы, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұлы жазушы, коғам қайраткері Қабдеш Жұмаділовтың көрнекті шығармасы – «Тағдыр» романы таңдалды.

Қ.Исабай атындағы орталық аудандық кітапханасында Ш.Шөкин атындағы ЖОББ мектебі оқушыларының қатысуымен «Қабдеш Жұмаділов – тарихи романның хас шебері» атты әдеби кеші өтті.

Іс‐шара барысында акцияның маңыздылығына ерекше тоқталып, оқушыларға Қабдеш Жұмаділовтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы кенінең мәлімет берілді. Романның басты кейіпкері – Демежан, елінің намысын қорғаған, әділдік үшін күрескен тарихи тұлға. Әділдік жолында құрбан болса да, халық жадында намысты, қайсар азамат ретінде қалды.
Оқушылар «Тағдыр» романындағы адам өмірі, махаббат пен достық, отбасы мен қоғам алдындағы жауапкершілік жайлы өз ойларын ортаға салды.

Кеш соңында кітапхананың тұрақты окырманы Баширова Диляра өзі таңдаған автордың «Абылайдың соңғы батыры» атты хикаяты мен «Кешірім» әңгімесін талдай отыра, қазақ халқының тарихындағы қиын кезеңдерді, ұлт болашағы үшін күрескен тұлғалардың образын саралап, өз ойын ортаға салып, жазушы мен кейіпкер арасындағы үндестікті аша түсті.

Құрметті оқырман, жыл таңдауын бірге оқуға шақырамыз