«Ертегілер ертеңгіге жетелейді» атты әдеби композиция

Қаражар ауыл кітапханасында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Ертегілер ертеңгіге жетелейді» атты әдеби композиция өткізілді.

Мақсаты: Халық ауыз әдебиетіндегі ертегілер туралы мағлұмат беріп, оны көңілді қабылдап, сахналап беруге талпындыру. Балалардың тіл байлығын дамыту.

Іс‐шара барысында балабақша бүлдіршіндері «Мақта қыз» және «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерін сахналап айтып берді. Сондай‐ақ, кітапхананың жас оқырмандары да ертегі кейіпкерлерін суреттеп берді.