Торайғыр ауыл кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай «Кітап сарқылмас рухани қазына» атты кітап көрмесі безендіріліп, жас бүлдіршіндердің қатысуымен сөз мерген ойыны өткізілді.
Шара барысында жас бүлдіршіндердің кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, олардың кітапқа деген көзқарасын қалыптастыру.
Оқырмандар шараға белсенді атсалысып, ойындарға қатысып, соңында сыйлықтарға ие болды.
Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана.