Баянауыл ауданының тәрбие мектебі, руханияттың ордасы Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханада Кітапханашылар күніне арналған «Кітапхана – білімнің қазынасы» атты мерекелік кеші өтті.
Бүгінгі мерекелік кеште жыл бойы адал еңбек еткен, кітап мекенінің беделін биіктеткен және оқырмандарға шын жүректен қызмет еткен мамандарымыз лайықты бағасын алды.
Кештің шымылдығын Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқар Мұратұлы ізгі лебізімен бастап, әріптесіміз Айман Мактаеваға «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісін табыстады. Сондай‐ақ, «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісі Алма Хамитоваға берілді.
ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Қазақстан Кітапханалар одағы төрайымының Құрмет грамотасымен Баян Жумаханова және Алмагүл Кожабергенова марапатталып, Зейнеп Сагынбекова мен Несіпжан Асылбековаға Алғыс хаты табыс етілді.
Баянауыл ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен Айжан Жумабаева марапатталып, Алғыс хаты Жүсіпбек Әбілешке табысталды.
Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының Құрмет грамотасы Жанаргүл Оралбаеваға ұсынылды.
Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының Алғыс хаты Лейла Кошановаға берілді.
Келесі құттықтау сөз кезегін Баянауыл ауданының ОКЖ‐нің басшысы Маржан Ержанқызы алып, Павлодар облысының кәсіподақ бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Ғаинижамал Әбітайқызын марапаттады.
Сонымен қатар, кәсіподақ бірлестігінің Алғыс хатымен кітапханашы Бахытжан Арыстанбекова мен Ақмарал Бердалина, Назгүл Жігер марапатталып, Толқын Жылқыбаева, Назигүл Аскарова және Ерхан Ибрагимге кітапхана басшысының алғыс хаттары табысталды.
Мерекелік кеш барысында С.Торайғыров атындағы мәдени‐сауық орталығының өнерпаздары әсем ән шашуларымен атаулы күнге сай көңіл‐күй сыйлап, естен кетпес ерекше кештің көркін ашты.
Марапатталған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің еңбектеріңіз — ұжымымыздың мақтанышы.
Кітапханашылар күні құтты болсын!