Баянауылдың абыз ақсақалы – Зекебай Солтанбайұлының 95 жылдығына тағзым!
Бүгін, Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханада «Жыртұма» поэзия клубының ұйымдастыруымен, Баянауыл ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қатысуымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ардагер ұстаз Зекебай Солтанбайұлының 95 жылдығына орай «Баянауылдың абыз ақсақалы» атты еске алу кеші өтті.
Зекебай атамыздың 47 жылдық ұстаздық жолы мен «Жыр жиһазы», «Мәшһүр Жүсіп» сияқты құнды еңбектері еске алынды.
Сазгердің «Ажы вальсі», «Егіндібұлақ вальсі» сынды жүрек тебірентер әндері шырқалды.
Ақынның немересі Солтанбаев Күннұр Төлеуғалиұлы алыстан бейнежолдау жолдаса, кешке ұлдары мен келіндері қатысып, әулет аманаты туралы сыр шертті. «Жыртұма» клубының мүшелері ақын жырларын мәнерлеп оқып, ұлттық рухты асқақтатты.
Зекебай Солтанбайұлы – сегіз қырлы, бір сырлы тұлға ретінде ел есінде мәңгі сақталады.
Абыз ақсақалдың еңбек жолы мен адамдық болмысы – жас ұрпаққа мәңгілік рухани азық.