«Кешкі кітапхана» жобасы аясында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Ұзынбұлақ ауылдық кітапханасында «Кітап оқы – ой өсір» атты әдеби кафе ұйымдастырылды.
Шараға мектеп ұстаздары қатысып, рухани мазмұнды басқосуда кітаптың адам өміріндегі маңызы кеңінен сөз болды.
Кеш барысында қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісіп, көркем шығармалардан үзінділер оқыды. Сонымен қатар «Кітап әлеміне саяхат» атты интеллектуалды ойындар ойнатылып, мақал‐мәтелдер арқылы білімдерін шыңдады.
Әдеби кафе еркін форматта өтіп, қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылды. Ұстаздар қазіргі қоғамдағы кітап оқу мәдениеті туралы ойларын ортаға салып, жастарды кітап оқуға баулу мәселелерін талқылады.