«Ұлт рухын асқақтатқан тұлға» атты танымдық-тұлға сағаты

Лекер ауыл кітапханасында ауыл клубымен бірлесе отыра ұйымастырған қазақтың көрнекті композиторы, дирижер, музыка зерттеушісі және қоғам қайраткері Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ұлт рухын асқақтатқан тұлға» атты кітап көрмесі безендіріліп, оқырмандардың қатысуымен танымдық‐тұлға сағаты өткізілді.

Оқырмандарға ұлы композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы тың мәліметтер айтылып, қазақ музыка өнерінің дамуына үлкен үлес қосқанын насихатталды.