Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен З.Ақышев атындағы ЖОББ мектебінің 9 сынып оқушыларымен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Ерліктің жарқын беттері» атты іс‐шара өткізілді.
Іс‐шара барысында оқушыларға Ұлы Отан соғысында құрбан болған жауынгерлеріміздің ерлігі, елге сіңірген еңбектері туралы мәліметтер айтылып, кітап көрмесі таныстырылды. Сонымен қатар, шара қатысушыларына арнайы сұрақ‐жауаптар мен танымдық бөлімдері ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты.
Осындай тағылымы мол кездесулер арқылы өскелең ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігі артып, рухани құндылықтары нығая түседі.