Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінде Аналар күніне орай «Анаға арнау» атты жүрекке жылы, іс‐шара ұйымдастырылды.
Шара барысында жас оқырмандар аналарға арналған өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақ тілектері мен шынайы сезімдерін жеткізді. Әрбір шумақтан анаға деген мейірім мен құрмет ерекше сезілді. 💐
Ана – өмірдің шуағы, отбасының берекесі, жүректің жылуы. Осындай мерекелік кеш арқылы балалар ананың қадірін терең түсініп, аналарға деген сүйіспеншіліктерін білдірді. ❤️