Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында жасөспірімдердің қатысуымен «Есірткі – адам өмірінің жауы» атты ақпараттық баяндама өткізілді.
Шара барысында қатысушыларға есірткінің түрлері, оның адам ағзасына әсері, зиянды әдеттердің салдары туралы мәліметтер берілді. Сондай‐ақ, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, тақырып бойынша сұрақтарға жауап алды.
Кездесу соңында жасөспірімдерге салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндіріліп, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырылды. Шара тәрбиелік мәні зор, пайдалы ақпаратқа толы мазмұнды кездесу болды.