Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында ақын, жазушы, тілтанушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Сөз бостандығы және Олжас Сүлейменов» атты пікірталас ұйымдастырылды.
Пікірталас барысында қатысушылар ақынның шығармашылық жолына тоқталып, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі жөнінде өз ойларын ортаға салды. Сондай‐ақ, Олжас Сүлейменовтің тіл, тарих және ұлттық құндылықтар туралы көзқарастары талқыланып, «Сөз бостандығы» ұғымының қоғамдағы рөлі туралы пікірлер айтылды.
Шара аясында ұйымдастырылған «Сөз зергері – Олжас» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, ақынның шығармалары мен ол туралы әдебиеттер таныстырылды. Қатысушылар ақын өлеңдерінен үзінділер оқып, шығармаларының тәрбиелік және танымдық маңызына тоқталды.
Кездесу соңында оқырмандар өзара пікір алмасып, рухани құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.