«Арқаның ақтаңгер әншісі – Бісміллә» атты әдеби‐сазды еске алу кеші

Бүгін, 12 маусым күні Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапхананың және аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен халық әншісі Бісміллә Балабековтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Арқаның ақтаңгер әншісі – Бісміллә» атты әдеби‐сазды еске алу кеші өткізілді.

Шара алдында кеш қонақтарына қазақ театры майталманының өнері мен еңбектеріне арнайы құрылған көрме таныстырылып, әншінің үнтаспаға өз дауысымен жазылған әні көпшілікке ұсынылды.

Әдеби кештің алғашқы сөзі аудан әкімінің орынбасары Альмира Аманқызына берілді. Сондай‐ақ, кеш барысында әншінің ұрпақтары мен туыстары, көзін көрген жандар естеліктерімен ой бөлісіп, көбі білмес тың деректерді естіртті.

Еске алу кешінде баянауылдық өнерпаздар кеш шырайын келтіріп, дәстүрлі әншілердің орындауында ел руханияты мен мәдениетіне мол үлес қосқан Бісміллә Балабековтің әндері шырқалды.