Қаражар ауыл кітапханасы Қазақтың аса көрнекті ағартушы‐педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Ыбырай Алтынсарин балалар әдебиетінің атасы» атты еске алу кеші өткізілді.
Мақсаты: Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы, оның кітаптарындағы әңгімелері туралы айтылып, жаңадан шыққан кітаптарын жас оқырмандарға насихаттау. Шара барысында оқырмандарға видеоролик көрсетіліп, кітаптарына шолу жасалды.