Лекер ауыл кітапханасында жас оқырмандардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Ойна да ойла» атты логикалық ойындар өткізілді.
Іс‐шара барысында қатысушылар қызықты логикалық сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешті, «Артығын тап», «Кейіпкерді шығармасымен сәйкестендір», «Мақалды аяқта» сияқты тапсырмаларды орындады. Оқырмандар белсенділік танытып, өздерінің білімдері мен ой ұшқырлықтарын көрсетті.