Ж.Аймауытов ауыл кітапханасында «Кітап оқып – рухани бай бол» жобасы аясында жазушы, журналист Сайын Мұратбековтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жусан иісі – балалықтың символы» атты әдеби шолу өткізілді.
Мақсаты: С.Мұратбеков шығармаларын насихаттау. Соғыс жылдарындағы ауыл өмірін, балалық шақтың қиын тағдырын жеткізе отырып, оқырмандарды адамгершілікке, достыққа, төзімділік пен мейірімділікке баулу.