Әкелер күніне орай Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде балабақша тәрбиеленушілері арасында «Әке және бала» атты әсерлі шара ұйымдастырылды.
Шара барысында бүлдіршіндер өздерінің сүйікті әкелеріне арнап тосын сый дайындап, әкелерінің суреттерін салды. Әрбір суреттен баланың әкесіне деген шексіз махаббаты, құрметі мен ыстық ықыласы көрініс тапты. Балғындар өз туындылары арқылы әкелеріне деген жүрекжарды сезімдерін білдіріп, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеді.
Бұл шара балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, әке мен бала арасындағы мейірім мен сыйластықты нығайтуға ықпал етті. ❤️