«Оқы, талқыла, суретте» жобасы аясында Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында жазғы лагерь тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Мен оқыған шығарма – менің көзқарасым» атты талқылау, пікір алмасу шарасы өткізілді.
Іс‐шара барысында қатысушылар өздері оқыған шығармалар туралы әңгімелеп, кейіпкерлердің іс‐әрекеттеріне баға беріп, шығармадан алған әсерлерімен ;,’##бөлісті. Балалар түрлі көзқарастарын ортаға салып, өз пікірлерін дәлелдеуге тырысты.
Кездесу барысында балалардың кітапқа деген қызығушылығы мен белсенділігі байқалып, олар әдеби шығармаларды талдау арқылы ой-өрістерін кеңейтіп, өзара пікір алмасудың маңызын түсінді.