«Баянауылдың бүгінгі бейнесі» атты көрме

Баянауыл ауылының 200 жылдық мерейтойына орай Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында «Баянауылдың бүгінгі бейнесі» атты көрме оқырмандардың қатысуымен ұйымдастырылды. Көрмеге Баянауыл өңірінің бүгінгі келбетін айшықтайтын кітаптар, тарихи‐танымдық материалдар, фотосуреттер мен баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар қойылды.

Шара барысында қатысушылар Баянауылдың өткені мен бүгіні туралы мәліметтермен танысып, ауданның әлеуметтік‐экономикалық дамуы, көрікті жерлері мен танымал тұлғалары жайында пікір алмасты. Оқырмандар туған өлкенің жетістіктері мен болашағы туралы ойларын ортаға салып, көрмеге үлкен қызығушылық танытты.

Көрме жас ұрпаққа туған жердің тарихын танытып, елжандылыққа тәрбиелеуге бағытталған тағылымды шаралардың бірі болды.