Қ.Исабаев атындағы аудандық орталық кітапханада қазақ ағартушысы, педагог, филолог, қоғам қайраткері Әбікей Зейінұлы Сәтбаевтың туғанына 145 жыл толуына орай «Ұлтының ұлы перзенті» атты портрет кеші өткізілді.
Шараға Зейтін Ақышев атындағы ЖОББ мектебінің оқушылары қатысып, көрнекті тұлғаның өмір жолы мен ағартушылық қызметі туралы мол мағлұмат алды.
Кеш барысында Әбікей Сәтбаевтің қазақ халқының оқу‐ағарту саласын дамытуға қосқан үлесі, Алаш қозғалысындағы қызметі мен ұстаздық еңбегі кеңінен насихатталды.
Қатысушыларға тұлғаның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі таныстырылып, танымдық бейнеролик көрсетілді.