«Алып күш иесі – Қажымұқан» атты тақырыптық сағат

Ақсан ауыл кітапханасында қазақ палуаны, цирк әртісі, спорттық күрестен әлем чемпионы атағын алған тұңғыш қазақ Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 155 жыл толуына орай «Алып күш иесі – Қажымұқан» атты тақырыптық сағат өткізілді.

Мақсаты: Қажымұқан Мұнайтпасұлының өмірі мен ерлігін насихаттау, қазақ халқының даңқты тұлғасын ұлықтау және кейінгі ұрпаққа үлгі ету.

Шара барысында өмірі мен ерлігі туралы кеңінен түсінік берілді. Сондай‐ақ Қажымұқан Мұңайтпасұлы қазақ халқының мақтанышы, ерлік пен күштің символы, табандылық пен еңбекқорлықтың және елге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Оның есімі бүгінгі ұрпақ үшін рух пен жігердің символына айналды.