«Оқы, ізден, арманда» атты әдеби викториналық ойын

«Оқы, ізден, арманда»
Қ. Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің ұйымдастыруымен «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде демалушы балаларға арналған «Оқы, ізден, арманда» атты әдеби викториналық ойын өтті.
Шара барысында балалар қызықты сұрақтарға жауап беріп, әдеби шығармалар мен ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін ортаға салды. Викториналық ойын олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ізденімпаздыққа, ой-өрісін кеңейтуге және өз ойын еркін жеткізуге ықпал етті.

📖 Кітап – білімнің бастауы, ал оқу – жарқын болашаққа бастар жол!