Мақал‐мәтелдер халық ауыз әдебиетінің қазыналы байлығы.
Торайғыр ауыл кітапханасында «Кітап – оқимыз, ойнаймыз, демаламыз» атты кітап көрмесі безендіріліп, жас оқырмандардың қатысуымен мақал‐мәтел сайысы өткізілді.
Шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ана тіліміздің байлығын насихаттау, жастардың ой‐өрісін кеңейтіп тапқырлыққа, шешендікке баулу. Мақал‐мәтелдер арқылы халқымыздың өнегелі сөздерін еске алып, мән‐мағнасына үңіліп, қызықты ойындар мен тапсырмалар арқылы білімімізді сынаймыз. Халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұрасының бірі –мақал‐мәтелдер.
Халқымыздың даналық сөздерін жаңғыртып, рухани қазнамызды бірге дәріптейік. Мақал‐мәтелдер даңалықтың қайнар көзі, ұлттың рухани қазынасы.