«Ұлтқа арналған ғұмыр» атты тарихи сағаты

Құндыкөл ауыл кітапханасында, Қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, қоғам қайраткері және дипломаты Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 90 жылдығына (1936) арналған «Ұлтқа арналған ғұмыр» атты тарихи сағаты өткізілді.
Шара барысында: Олжас Сүлейменов «АЗ и Я» кітабының авторы және ядролық сынақтарға қарсы «Невада – Семей» халықаралық қозғалысының негізін қалаушылардың бірі әрі жетекшісі болды. Қазақстанның Италия, Грекия және Мальта елдеріндегі елшісі қызметін атқарғаны туралы мәліметтер беріліп, кітап кермесі ұйымдастырылып насихатталды.