Торайғыр ауыл кітапханасында қазақтың ойшыл ақыны, ұлы Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Абай мұрасы халық ұлағаты» атты кітап көрмесі безендіріліп, ауыл тұрғындарының қатысуымен әдеби кеші өткізілді.
Оқырмандарға ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оның терең ойлары мен өнегелі сөздерінің мәнін ұғындыру. Абай мұрасын насихаттау арқылы жастарды білімге, ізденіске, еңбекқорлыққа және адамгершілікке баулу, ұлттық рухани құндылықтарды құрметтеуге дәріптеу. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін ұрпаққа қалдырған баға жетпес рухани мұрасы.
Абай мұрасы – халқымыздың рухани қазынасы, ұрпаққа жол көрсетер мәңгілік шамшырақ.