10 тамыз – Абай күніне орай Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Өлең – сөздің патшасы» атты әдеби шара өтті.
Шара барысында оқырмандарымызға Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріліп, кітап көрмесі таныстырылды. Кездесудің ең әсерлі сәті – оқырмандарымыздың жаттаған Абай өлеңдерін мәнерлеп оқуы болды.
📖 ✨ Жас ұрпақтың Абай мұрасына деген қызығушылығы – біз үшін үлкен қуаныш!