Жастар диалог алаңында бас қосты
Қ.Исабай атындағы аудандық орталық кітапханада халықаралық жастар күніне орай «Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға» атты диалог алаңы ұйымдастырылды.
Іс‐шара Қазақстан Республикасы Конституциясының ресми түрде күшіне енуі және Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының алдағы сайлауы аясында өтті.
Дөңгелек үстелге ұстаз, жаттықтырушы, ұлттық спорт – садақ атуды насихаттаушы Олжас Бейбіт, көркемсөз оқу шебері Расул Темеш, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бас маманы Айнара Бейбіт, жас кәсіпкер Бекзат Мырзатай және «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары қатысты.
Жиын барысында жастар «Жастардың таңдауы», «1 минут – 1 идея», «Жастар трибунасы», «Кітап – білім бұлағы» секілді кезеңдерде бірнеше тапсырманы орындады. Тапсырма барысында олар конституциялық құндылықтарды ілгерілетуге, жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, белсенді азаматтық ұстаным мен жасампаз патриотизмді қалыптастыруға байланысты ой‐пікірлерін ортаға салды.