Қазақтың жыр аққуы атанған ақын қызы Марфуға Айтхожинаның 90 жасқа толуына орай Жаңатілек ауыл кітапханасында «Өлеңмен өрілген өмір» атты поэзия кеші өткізілді.
Шара барысында Марфуға Айтхожинаның өмірі мен шығармашылық жолы туралы бейнебаян көрсетіліп, қазақ әдебиетіндегі орны мен поэзиясының ерекшелігі жайлы айтылып, ақынның сыршыл да, нәзік өлеңдері мәнерлеп оқылды.
Сонымен қатар, Марфуға Айтхожинаның кітаптары мен шығармашылығына арналған «Жыр аққуы – Марфуға» атты кітап көрмесі безендіріліп таныстырылды.