«Отбасы – бақыт мекені» атты мерекелік іс‐шара

Отбасы күніне орай Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасы мен Балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» атты мерекелік іс‐шара өтті.
Шара барысында отбасының қадірі, ата‐ана тәрбиесі мен отбасылық құндылықтар туралы жылы әңгіме өрбіді. Қатысушылар «Мақалды жалғастыр», «Отбасы мүшесін тап» ойындарына белсене қатысып, өз білімдерін ортаға салды. 📚✨
Іс‐шараның басты мақсаты – отбасы мүшелері арасындағы сыйластықты нығайту және отбасылық кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Себебі бірге кітап оқу – бала мен ата‐ананы жақындастыратын тамаша дәстүр! ❤️📖
Барша отбасыларға шаттық, татулық, береке мен амандық тілейміз! 🌷
Қатысқан барша қонақтарымызға алғысымыз шексіз! 💐