«Мен оқыған кітап» атты танымдық шара

«Мен оқыған кітап»
Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «KITAPTIME – 2026» республикалық кітап фестивалі аясында 4-сынып оқушыларымен «Мен оқыған кітап» атты танымдық шара өтті.
Шара барысында оқушылар өздері оқыған кітаптары туралы әңгімелеп, шығармалардың мазмұны мен алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар кітап пен оқуға арналған өлеңдерін мәнерлеп оқып, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ойларын ортаға салды.
📖 Кітап оқыған бала – білімді, ойы ұшқыр, қиялы бай тұлға!