«Тағдыр» романына арналған әдеби-танымдық кеші

«ТАҒДЫР – ЕЛ ТАҒДЫРЫ»
Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың Балалар әдебиеті бөлімінде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романына арналған әдеби-танымдық кеш өтті.
Шараға Ш.Шөкин атындағы ЖОББ мектебінің 8 «А» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы «Бір ел – бір кітап» акциясы мен жазушының өмірі және шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беріп, «Тағдыр» романына кеңірек тоқталды.
Кездесу барысында оқушылар бейнероликті қызығушылықпен тамашалап, қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді. Сұрақ-жауап ойыны кезінде өз білімдерін көрсетіп, шығарма бойынша ойларын еркін ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.
📖 Белсенділік танытқан оқушылардың қызығушылығы кештің мазмұнын жандандырып, әдеби шығарманы тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Кітаппен дос болған ұрпақ – рухани бай ұрпақ! 📚✨