«Ұлт мақтанышы Олжас Сулейменов» атты дөңгелек үстел

Торайғыр ауыл кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, қоғам қайраткері, ойшыл тұлға Олжас Сулейменовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлт мақтанышы Олжас Сулейменов» атты кітап көрмесі безендіріліп, оқырмандардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты: Оқырмандарға Олжас Сулейменовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақынының әдеби мұрасын насихаттау, туған елге, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру.
Олжас Сулейменов – қазақ поэзиясын әлемдік деңгейге көтерген, шығармашылығы арқылы халқымыздың тарихын, рухын табиғатын, адамзаттық құндылықтарды терең жырлаған дара тұлға. Олжас Сулейменовтың шығармашылығы – ұлт руханиятының үлкен бір бөлігі. Ұлттың ұлы тұлғалаларын үлықтау – өткенді құрметтеу ғана емес, келешек ұрпаққа рухани бағыт беру.