Ақсан ауыл кітапханасында мекеме ұжымдарымен бірлесе «Қарты бар ел – бақытты» атты мерекелік шара өткізілді.
Бұл атаулы күн 1990 жылғы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бекітіліп, 1991 жылдан бері тойланып келеді.
Мерекенің басты мақсаты: Аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың қоғам дамуына қосқан ерен еңбегін бағалау және жасы үлкен азаматтарға күнделікті қамқорлық жасау.
Қарияларды қадірлеу ата‐бабадан келе жатқан бұлжымас салтымыз. Осындай айтулы күні ел бойынша ардагерлер мен зейнеткерлердің шаңырағына барып, құрмет көрсетіліп, мерекелік шара ұйымдастырылды.