«Әділдікті ту еткендер» тақырыбында патриоттық‐лекция сабағы

Екібастұз қаласындағы №36 мектеп‐лицейінің Е.Сембаев атындағы «Жас сақшы» сыныбының оқушыларына Қ.Исабаев атындағы Баянауыл аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Әділдікті ту еткендер» тақырыбында патриоттық‐лекция сабағы ұйымдастырылады.

Оқушыларға Баянауылдан шыққан генералдар туралы мәліметтер берілді. Оқушылар Ахмет Тұмарбеков, Самат Бәкіров, Темірхан Дуабеков, Қайрат Дүйсенбин, Ойрат Дүйсенбаев, Мұрат Тұмарбеков сынды абыройы асқақ, ғұмыры ғибратты тұлғалармен танысты.

Сабақ Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың өмірі мен ерлігі туралы баяндалатын деректі фильм көрметілімімен түйінделді.